Жамбыл облысында үздік спортшыларға пәтер кілттері табысталдыыз

0 13

Өңір басшысы мемлекет тарапынан дене шынықтыру мен спортты белсенді түрде дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әр уақытта спортты, күресті қолдаймыз. Спорт қолдау тапса, саңлақтар шыңдалып, ел абыройын көтереді. Бүгінде жамбылдықтар өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Әулиеата өңірінен осы күнге дейін атағы алысқа тараған чемпиондар мен рекордтарды жаңартқан шоқтығы биік талай спортшылар шыққан. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, Қазақстанның спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді тілеймін», — деді Б.Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.