Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

0 3

Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің 545-шақырымында тіркелді.

Сүт тиеген жүк көлігі Күйік асуынан түсе берісте бірнеше трактор тиеген келесі бір жүк көлігінің артына соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, «Мерседес» көлігі бірнеше рет аударылып, күре жолды жауып қалды.Оқыс оқиғадан қаза болғандар жоқ. Қысылған жүргізушіні жолаушылар шығарып алды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.