Жамбыл облысында жерасты суларын тиімді пайдалану ісі қолға алынуда

0 7

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтудың жайы қаралды.

 

– Биыл ауа-райының ерекшелігіне байланысты судан біраз таршылық көргеніміз жасырын емес. Бұл орайда, жерүсті және  жерасты суларын тиімді пайдалану жайы – біздің басты назарымызда. Жамбыл облысы суармалы су мәселесінде көрші Қырғыз Республикасынан келетін су көздеріне көбірек иек артады. Жуырда ғана осы жағдайға байланысты көрші елге арнайы барып, мән-жайға қанығып қайттық. Қазіргі таңда «Киров» су қоймасындағы жиналған судың қоры ауыз толытырып айтарлықтай емес. Дегенмен, олар мүмкіндігінше су жіберуде. Біз де өз кезегімізде бар суды үнемдеп,  арнайы кесте құрып, кезекпен пайдалансақ, мәселе туындамайды деп ойлаймын. Осы орайда мен аудандарды аралап, диқандармен кездесіп, барынша түсіндірдім. Қызылша, жоңышқаны ылғалмен қамту бойынша жұмыстар жүргізуге тиіспіз,-деді облыс әкімі.

 

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс аумағындағы жер асты суларын зерделеп, пайдаға жарату керектігін баса айтты.

 

Басқарма басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, облысымызда 106 су қоймалары бар. Олардың жобалық сыйымдылығы 132,447 миллион текше метр. Облыста 4325,2 шақырым ұзындықтағы 773 каналға 207,8 мың гектар алқап бекітілген. Сол 773 каналдың 306-сы жөндеуді қажет етеді.

 

– Жетіспейтін су көлемін облысымызда орналасқан ішкі су көздері арқылы қамту жоспарлануда. Олар жобалық сыйымдылығы 132,4 млн. текше метр құрайтын және 8,2 мың.га алқап бекітілген 106 кіші су қоймалары. Бұл ретте кіші су қоймалары есебінен 64,9 млн. текше метр сумен қамту көзделуде. Нәтижесінде ішкі су көздерін пайдалану арқылы жетіспейтін 392 млн. текше метр су көлемі 327 млн. текше метрге дейін төмендейтін болады. Жоғарыдағы су көздерімен қажетті су көлемінің 3,8 пайызын қамтитын болады. Бұдан бөлек, салынып жатқан жаңа су қоймалары есебінен де қажетті сумен қамту жоспарлануда,-деді басқарма басшысы.

 

Сондай-ақ, ол облыс әкімінің жер асты суларын кеңінен пайдалану туралы тапсырмасына сәйкес, ғылыми зерттеу институттарымен Меморандум жасалынып, жер асты суларын зерделеу жұмыс жүргізілгенін тілге тиек етті.

 

— Облысымызда тәулігіне қайта қалпына келетін 4 млн 464,49 мың текше метрді құрайтын су қоры бар. Бұл ретте 120 күндік вегетациялық кезеңде 535 млн. текше метрді құрайтын су көлемімен қамтуға болады. Жер үсті су тапшылығы бар аудандар жер асты суының потенциалын толығымен пайдалануы қажет. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 1706 ұңғыма бар. Оның 1458 мал шаруашылығы, 248 егін шаруашылығы мақсатындағы ұңғымалар.  Ағымдағы жылы тиісті институттармен Меморандум жасалынып, жалпы 146 ұңғымаға зерттеу  жұмыстары жүргізілуде. Жер асты ұңғымалары есебінен қажетті су көлемінің 16,4 пайызын қамтиды. Нәтижесінде жетіспейтін 275 млн. текше метр су көлемін толығымен жер асты қорлары арқылы қамтамасыз ету ұсынылады,-деген Қайрат Аманов алдағы жылға жоспарланған жұмыстардың да жай-жапсарын жеткізді.

 

– Жаңбыр аз жауды деп, қарап отыра алмаймыз. Су болса, бәрі де болады. Сондықтан, жер асты суларын терең зерттеп, тиімді пайдалану керекпіз. Оған қажетті қаржыны облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірге ақылдаса отырып, нақтылаңыздар, — деп Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға тапсырма жүктеді.

 

Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

– 2017 жылдан бастап облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны 10,9 миллиард теңгені құрайтын 70 жоба іске асырылды.  Оның ішінде, 34 жоба жеке әріптестің шығындарын толық өтеуді, 1 жоба ішінара өтеуді қарастырады, 35 жоба жеке әріптес шығындарын бюджеттен өтеуді қажет етпейді. Жалпы іске асырылған 70 жоба бойынша облыс экономикасына 6,6 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып, жеке әріптестің шығындарын өтеу сомасы 8,6 млрд. теңге құрады. Бүгінгі күнге оның 2 млрд. теңгеге жуық сомасы жеке кәсіпкерлерге өтелді, — деді басқарма басшысы.

 

Жалпы, білім беру саласында саласында жалпы құны 2,2 миллиард теңге құрайтын 35 жоба, 2,6 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба денсаулық сақтау саласында іске асырылды. Спорт бойынша 775 миллион теңгеге бір жоба, энергетика саласында 5,6 миллиард теңгеге

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.