ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

0 16
✅Биыл Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беретін құрылыс нысандарына жалпы республикалық және облыстық бюджеттерден 4,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының 1,2 млрд теңгесі өткен жылдан өтпелі 7 жолды орта жөндеуді аяқтауға бағытталса, 2,6 млрд теңгеге жаңа 7 нысан — 95 шақырым облыстық маңызы бар жол орта жөндеуден өтеді. 650 млн теңгеге жолдарды күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады. Сондай-ақ, 50 млн теңге Жол активтерінің Сапа орталығының зертханалық сараптамаларына жұмсалмақ.
🔹Бүгінгі таңда, ауарайының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталып кетті. Осы орайда, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС тарапынан Талас ауданында орналасқан 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар Ақкөл-Ойық-Ұланбел автомобиль жолының 56-80 шақырымдарын орта жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылдау рәсімдерін жүргізу сатысында болса, осы жолдың 20-40 шақырымдарын суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар мерзімінен бұрын мамыр айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
🔹Алдағы сәуір-мамыр айларында жаңа анықталған мердігер ұйымдармен өнідістік-жұмыстарды жүргізу кесетелерін бекіте отырып, жол-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.