Жамбыл облысында жыл басынан бері 11 бала терезеден құлап кетті

0 37

Биылғы жылдың басынан бері Жамбыл облысы аумағында көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуінің 11 жағдайы тіркелді.Бұл туралы Жамбыл инфо, ҚР ІІМ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға салдарынан екі жасар бала қайтыс болды, екі жастан он екі жасқа дейінгі 10 бала түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл ретте үш дерек аудандарда және жеті дерек Тараз қаласында орын алды.

Мысалы, үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала 5-қабаттағы пәтердің ашық терезесінен құлап кеткен. Бала алған жарақаттардан қайтыс болды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері 1-2 жастағы балалардың суға батып кетуінің екі дерегі тіркелді, екі жағдай да балалар өз үйлеріндегі бассейнде қайтыс болды.

Оқиға орнына қарамастан, өлімнің себебі кәмелетке толмағандарға ересектер тарапынан тиісті бақылауының болмауы болды.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары күн сайын су айдындарында және балалардың жаппай демалатын өзге де орындарында рейдтерді жүзеге асырады, онда полицейлер азаматтарға жазғы демалыс кезеңінде балаларды қадағалау қажеттілігі туралы ақпаратты жеткізеді.

Полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, балалар еркін кіре алмайтын үйлер мен жертөлелердің шатырларында құлыптардың болуын тексере отырып, 5 мыңнан астам аулаларды аралап шықты. 4,5 мыңнан астам халық жиыны өткізіліп, 4 мыңнан астам брошюралар мен жадынамалар таратылды.

– Ата-аналарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмауға шақырамын. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – әрбір ата-ананың негізгі міндеті, ал немқұрайлылық сіздің балаңыз үшін өлімге әкелуі мүмкін, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.