Жамбыл облысындағы аудандық және қалалық деңгейдегі «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

0 4

Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, әділ, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында екі кезең бойынша өткен «Парасатты отбасы» байқауының аудандық, қалалық байқауы өз мәресіне жетті.
«Парасатты отбасы» байқауын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен 2019 жылдан бастап облыс әкімдігінің білім басқармасы және «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырып келеді.
Бірінші кезең бойынша мектепішілік байқауға облыстан 11154 отбасы қатысты. Іріктеліп алынған 1 мыңнан астам жұмыстар аудандық, қалалық кезеңге өтіп, одан іріктелген 112 жұмыс облыстық қорытынды кезеңге жолдама алды.
Байқау нәтижесінде үздік атанған отбасылар аудан, қала әкімдігі тарапынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Парасатты отбасы» байқауының қорытынды облыстық кезеңі қазан айының 15-20 жұлдыздары аралығында өтеді.
Байқау нәтижесінде:
«Парасатты отбасы»
«Оқырман отбасы»
«Өнерлі отбасы»
«Интеллектуалды отбасы»
«Жомарт отбасы»
«Саяхатшы отбасы»
«Ең салауатты отбасы»
«Шеберлер отбасы»
«Өндірістегі ең үздік отбасы»
«Шығармашыл отбасы» номинацияларымен облыс бойынша ең үздік болып танылған отбасылар марапатталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.