Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

30

Ағымдағы жылдың 2 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 48 жағдайы тіркелді, оның 16-сы симптомдық, 32-і симптомсыз.

Атап айтсақ, Таразда 33 — 77 жас аралығындағы тұрғындар арасында 10 симптомдық жағдай анықталды. 1956, 1950 жылы туған екі әйел бір отбасының мүшелері десек, олар COVID-19 ауруы рнасталған тұлғамен тығыз байланыста болған.

Сондай-ақ, Байзақ ауданында 1963, 1958 жылы туған тұрғындар арасында 2 жағдай, Жуалы ауданында 1968, 1966 жылы туған тұрғындар арасында 2 жағдай, Қордай және Шу аудандарында 1979, 1944 жылы туған тұрғындар арасында 1 жағдайдан тіркелген.

Инфекция жұқтырғандардың тоғызы зейнеткер екендігі белгілі болды.

Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық және провизорлық ауруханаларда ем алуда. Олармен байланыста болған адамдарға карантинге оқшауланды.

Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Таразда 22-89 жас аралығындағы тұрғындар арасында 20 симптомсыз жағдай расталды. Ал, Жуалы ауданында 1998, 1995, 1980, 1959 жылы туған тұрғындар арасында 4 жағдай, Байзақ ауданында 1979, 1969, 1958 жылы туған тұрғындар арасында 3 жағдай, Мойынқұм ауданында 1973, 1968 жылы туған тұрғындар арасында 2 оқиға, Қордай, Талас, Шу аудандарындағы 1954, 1987, 1994 жылы туған тұрғындардан 1 симптомсыз жағдайдан анықталды. Олардың бәрі үй карантиніне алынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 2 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3636 жағдайы тіркелген. Барлығы 2420 науқас емделіп шықты.