Жамбыл облысының азық-түлік бағасын реттеу тәжірибесі өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды

0 14

Жамбыл облысының барлық ауданы мен Тараз қаласында 32 әлеуметтік павильон ашылған. Оларда 19 атаулы өнім нарықтағыдан айтарлықтай төмен бағамен сатылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Жыл басынан бері павильондарда жалпы сомасы 22,2 миллион теңгенің 3,9 мың тонна өнімі саудаланды.

«Айналым сызбасы» бойынша да нәтижелі жұмыстар жүзеге асуда: 4,9 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, 6,5 миллион дана жұмыртқа сатылған.

«Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында өнімдер делдалдарсыз тікелей сауда желілеріне жеткізілуде. Тұтыну бағаларының индексі 107,7 пайызды құрады.

Тұрақтандыру қоры арқылы 577,9 млн.теңгенің 4,5 мың тонна өнімі өткерілді.

Жыл басынан бері 54 жәрмеңке өтіп, онда жамбылдықтарға төмен бағада 1,5 мың тонна ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

621 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен 550 сауда желілері арасында өзара ынтымақтастық туралы 1171 меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, жуырда ғана ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу бойынша тәжірибесін басқа облыстарға үлгі ретінде ұсынған болатын.

— Әлемдік экономикалық дағдарыс пен пандемияны ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды, — деді Бердібек Сапарбаев.

Егістік алқабы 30 мың гектарға ұлғайып, 752 мың гактарға жетті, 112,1 мың гектар пайдаланусыз жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 82 мың гектарды қайтару  жоспарлануда.

41 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 179,8 мың гектарды құрады.

4 521,2 тонна ет, 42 тонна алма экспортталды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жалпы 350,4 млрд. теңгені құрайтын 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.  Ол бойынша 3,6 мың жұмыс орны құрылады.

Биыл 10,9 млрд. теңгенің 16 жобасы іске қосылды (385 жаңа жұмыс орны).

Leave A Reply

Your email address will not be published.