Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне COVID-19-ға қарсы күрес үшін мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілді

0 262

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық базасын нығайту және жаңа коронавирустық инфекциясымен күрес шараларын күшейту мақсатында, еліміздің барлық өңірлеріне жаңа автомобильдер, соның ішінде, Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі де берілді.
Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде 11 аудандық басқарма бар.
COVID-19 пандемиясының алдын алу үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитарлық қорғау, халықтың денсаулығына қауіп төнген жағдайда эпидемияға қарсы іс — шараларды жүргізу үшін, эпидемиологтарды уақтылы жеткізу, зертханалық зерттеулер үшін материалды жедел үшін қызметтік көлік аса қажет.
Автокөліктер коронавирустық инфекцияның ошақтарын ғана емес, сонымен қатар жұқпалы, паразиттік және аса қауіпті аурулардың басқа да ошақтарын уақтылы тексеру үшін қажет. Айта кету керек, Жамбыл облысының аумағында аса қауіпті инфекциялардың белсенді табиғи ошақтары– оба, туляремия, геморрагиялық қызба (КҚГҚ), сібір жарасы, сондай-ақ безгек ошақтары бар. Көбінесе эпидемиологиялық мониторинг радиусы 300 километрге жетеді және бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметі мамандарының ошақтарға эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде белгілі бір қиындықтар туғызады.
Қызметтің автокөлігін толықтыру — бұл инфекциялық аурулармен күресте профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде барынша жеделдік пен ұтқырлықты арттырады.

Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.