Жамбыл облысының тұрғынынан «Калашников» автоматы тәркіленді

0 3

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі және ҰҚК қызметкерлері бірлесіп Абай ауылына қарасты тау бөктерінде, 32 жастағы Каменка ауылының тұрғынынан заңсыз сақталынған АКСУ-74 маркалы автомат қаруы жәнеде басқа да тегіс ұңғылы атыс қаруы, 5,45 калибрлі бірнеше оқ-дәрі тәркіленді. «Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 287 бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде. Қару-жарақтардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-баллистика сараптамасы тағайындалды»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.