Жамбылда COVID-пен күреске 1 035 медицина қызметкері тартылған

0 128

Жамбыл облысы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен тікелей эфир өтуде. Онда Ержан Жұматұлы жаңа оқу жылына дайындық барысы және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы туралы баяндады.

Өз сөзінде аймақ басшысының орынбасары өңірде коронавирус індетіне қарсы жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыстағы эпедемиологиялық ахуал біршама тұрақталған.  Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, COVID-2019 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайлары да есепке алынатын болады.

– Осылайша, облыста бүгінгі күнге 4 034 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 1 754 науқас симптоммен, 2 280 науқас  симптомсыз. Пневмонияның – 64 жағдайы тіркелген.

3469 науқас сауығып шықты. Өкінішке орай 53 өлім оқиғасы тіркелді.  Инфекциялық стационарда 68 науқас ем қабылдауда.

Облыста коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы 1 135 төсек қоры жасақталған. Шілде айында инфекциялық төсектер 61,9 пайызға, провизорлық төсектер 20,7 пайызға  қысқартылды, – деді Ержан Жұматұлы.

Бүгінгі күні жатқызылған науқастардың санына сәйкес 1 035 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.