Жамбылда 11 ауылдың тұрғындары 100 пайызға екпе алған

0 7

Жамбыл облысында 11 ауылдық округтің тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина алу жоспарын 100 пайызға орындаған.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Жаңатұрмыс, Гвардейский, Мұзбел және Сұлутөр ауылдарының, Мойынқұм ауданының Ақбақай және Қызылотау, Жамбыл ауданының Аса және Өрнек, Талас ауданының Берікқара, Көктал, Тамды ауылдарының тұрғындары КВИ-ге қарсы вакцина алу бойынша жоспарды 100 пайызға орындаған. Ауылдықтардың екпе қабылдауға жататын бөлігі толығымен вакцинациялаудан өткен. Айталық, Талас ауданының Берікқара, Көктал, Тамды ауылдарының жоспардағы тұрғындары түгелдей екпе алып үлгерген. Жоспарға сәйкес, аталған ауылдық округтердегі 1696 адам вакцина алу керек болса, ондағы 1735 тұрғын вакцина салдырған. Бұған ауылдықтардың өзінің және жақындарының денсаулығына бей-жай қарамауы, түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргендігі оң әсер еткен.

«100 пайыз екпе алған ауыл тұрғындарына алғашында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылған. Еңбек еш кетпей ауыл тұрғындарының вакцина салдыруға деген ынтасы оянып, көпшілік арасында оң пікір қалыптасты»,-делінген аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.