Жамбылда 12 жасар қыздың зорланғандығы туралы ақпарат тарады

0 5

Жамбыл облысында он екі жасар қызды 35 жастағы ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тарады. Жаға ұстататрлық жайт Меркі ауданында орын алған.

Тараған мәліметте күдіктінің мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқандығы айтылуда. Мәселенің мән-жайын білу үшін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, Меркі ауданының полиция бөліміне Жамбыл облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама түскендігін мәлім етті. «Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі АПБ ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді»,-делінген ведомство хабарламасында

Leave A Reply

Your email address will not be published.