Жамбылда 215 мың оқушы қашықтан, 19 мың оқушы мектепте оқытылмақ

0 68

Облыста жаңа 2020-2021 оқу жылында 234 715 оқушыны қамтитын 442 мектеп жұмысын бастайды. Оның ішінде 275 мектепте 215 438 оқушы қашықтықтан, ал шалғай елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған мектептер мен оқушы саны 100-ден төмен 167 мектепте 19 277 оқушы дәстүрлі түрде білім алады деп жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында баяндады.
Бұдан өзге, облыстағы 234715 оқушының 57,4% жеке компьютер, ноутбуктармен қамтылған.
Жыл басынан облыс мектептеріне 2658 компьютерлік техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы да 4529 компьютер сатып алу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда облыстағы барлық мектептің балансындағы жұмыс жасап тұрған компьютерлер бірінші кезекте аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға таратылуда.
Сонымен қатар, осы категориядағы балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 23000 роутер сатып алынады.
Қазіргі уақытты әлеуетті өнім берушіліерді таңдау, компьютерлерді сатып алу және оны аудандарға бөлу процесін қадағалайтын жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының өкілдері, кәсіподақ және ата-аналар комитетінің өкілдері кірді. Қазіргі таңда техниканы сатып алу процестері жүргізілуде. 1 қыркүйекке дейін планшеттер сатып алынатын болады. Қалған компьютерлік техника қыркүйек айының ішінде алынады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.