Жамбылда 22 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлікке қол жеткізді

0 45

Жамбылда 22 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлікке қол жеткізді

Таразда 22 жастағы ер адам қалалық №1 пробация қызметі бөлімінің инспекторларының көмегімен алғаш рет жеке куәлікке қол жеткізді. Жеке куәлік алған ер адам енді жұмысқа орналаспақ ниетте.

— ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі бойынша сот үкімімен кінәлі деп танылған 2000 жылы туылған азаматқа пробация қызметінің инспекторлары алғаш рет жеке куәлігін алуға жәрдемдесті. Айта кетейік, мұндай жағдайда құжатты ресімдеу үшін азаматты 15 жылдан артық білетін адамдар куәлік етуі керек. Көші-қон қызметімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз бұл істі ойдағыдай орындадық, — дейді Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы Әділет Ерманов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.