Жамбылда 264 өрт сөндіруші жетіспейді

0

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбековтың қатысуымен «Өрт қауіпі, жоғары маусымда орын алған өрт оқиғалары және алдын алу шаралары туралы» онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Аслан Ұланұлының айтуынша, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде өрт жасақшыларының құрамы 9 адамнан тұратын 15 бірлік II типтегі және орман қоры аумағындағы орманшылықтарда өрт жасақшыларының құрамы 4 адамнан тұратын 31 бірлік I типтегі орман өрт сөндіру станциялары құрылған.

1-ші үлгідегі өрт сөндіру станциясының құрамында өрт сөндіру жасақшылары болуы қажет, алайда 1 үлгідегі өрт сөндіру жасақшыларын толықтыруға қосымша 173 штат, ал 2 үлгідегі өрт сөндіру жасақтарына 91 штат, барлығы 264 штат қажеттілігі туындауда.
Қазіргі уақытта мекемелер бойынша 258 өрт жасақтары және орман қорғау қызметкерлерінен құрылған өрт сөндіруші топтарда 557 адам жұмыс атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.