Жамбылда 6 сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды

0 79

Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты пробация қызметі, облыстық және қалалық прокуратура мен Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Ел Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету» қағидасына сондай-ақ ҚР ҚАК-нің баптарына сәйкес жеке әзірленген бағдарламасын негізге ала отырып өткізілген жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту.

Жалпы, қалалық «Мәдениет үйінде» өткен шараға қатысушыларға бұл күні 6 жұмыс беруші мекеме 30-дан астам бос жұмыс жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, жәрмеңкеге Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын қазіргі таңда жұмыссыз жүрген аз қамтылған және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 30-ға жуық жазасын өтеуші қатысты. Іс-шара барысында 6 азаматқа тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілген. Ал 24 жазасын өтеуші шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мол мағлұматқа ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.