Жамбылда 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

0 3

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы екпінді қарқынмен дамуда. Ағымдағы жылдың 11 айында өңірде 598,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5 пайызға артқан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте айтып берді.

Жыл басынан бері 35 көпқабатты тұрғын үй (1899 пәтер) пайдалануға берілсе, жыл қорытындысымен барлығы 44 көпқабатты тұрғын үй (2461 пәтер) тапсырылмақ.

Аймақ басшысы тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық саласы да жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Ағымдағы жылы жол саласын дамытуға 12,7 млрд. теңге бөлінген.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында 479,1 шақырым жолды салу және жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90 пайыздан 95 пайызға, елді мекендер көшелерінің үлесі 77,2 пайыздан 79,2 пайызға артады.

Облыс әкімі әлеуметтік мәселелерді шешу де – негізгі назарда екенін баса айтты.

Ағымдағы жылы өңірдегі  12 ауылдық елді мекенге (45 мың адам) ауыз су тартылып, нәтижесінде халықты сумен  қамту көрсеткіші 82,2 пайыздан 88,7 пайызға дейін өседі деп көзделуде.

Сондай-ақ, 20 елді мекендегі 16 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылып, тұрғындарды газдандыру үлесі 88,6 пайызға жетеді.

Тасымалдаушылар 32 жаңа автобус сатып алған, тағы 40 автобус  алу жоспарлануда.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Тараз-Алматы» бағыты бойынша күнделікті рейстер қайта ашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.