Жамбылда ауыл тұрғынының ауласынан қару-жарақ табылды

0 22

Қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтау мақсатында Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту кезінде үй маңындағы аумақтан жерге көмілген пакеттер табылды. Пакеттерден «Калашников» маркалы 1 автомат, 3 травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.