Жамбылда ауыл тұрғынының ауласынан қару-жарақ табылды

0 62

Қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтау мақсатында Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту кезінде үй маңындағы аумақтан жерге көмілген пакеттер табылды. Пакеттерден «Калашников» маркалы 1 автомат, 3 травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.