Жамбылда бір аптада баласына бас-көз болмаған 84 ата-ана жауапқа тартылды

0 2

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді.

Жүргізілген рейд барысында Жамбыл облысында 84 ата-ана мен өзге де заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 63 рейд барысында 67 кәмелетке толмаған бала ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы Қазақстан заңнамасын бұзудың 2 дерегі анықталды. Аталған дүкен иелері Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 200-бабы бойынша жауап береді. Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша тағы 16 заңбұзушылық тіркелді. Кәмелет жасына толмаған 8 бала профилактикалық есепке қойылды. 2 жасөспірім арнайы мектепке орналастырылды, бір заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.

«18 шілде сағат 00:00-де күшіне енген карантин шараларын ескере отырып, облыстың барлық тұрғындарын ұжымдық іс-шараларды өткізуден және оған қатысудан аулақ болуға, сондай-ақ балаларды, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға шақырамын. Демалыс күндері кәмелетке толмаған балалардың бос уақыты мен байланысын бақылауды күшейту керек. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады», — деп хабарлады полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.