Жамбылда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 10 нысан салынуда

0 5

Жамбыл облысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік бағдарламалардан бөлек аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру игі үрдіске айналған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев олар туралы жан-жақты тоқталды.

Барлық жамбылдықтарды біріктірген ауқымды жобалардың бірі – «Асарлатып үй салу». Облыс тұрғындары ата дәстүр – «Асар» әдісін қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға үй салып беруге жұмыла атсалысуда.

Өткен жылы асарлатып 99 үй салынса, биыл 133 үйдің құрылысы басталып, 76-сы пайдалануға берілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алынған      «Таразға тарту» жобасы аясында Тараз қаласы аумағында                               42 нысанда 1 млрд. теңгенінің абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 41-і пайдалануға берілді. Облыс орталығындағы 36 саябақ пен сквер, көшелер жөнделіп, 5  көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті сырланды.

«Жомарт түлек» жобасы да өз тиімділігін көрсетті. Түлектер тарапынан жалпы 2,8 млрд теңгенің 67 инвестициялық жобасы жүзеге асуда.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 12,7 млрд теңгеге 10 әлеуметтік нысанның құрылысы қолға алынса, 2-і пайдалануға берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.