Жамбылда COVID жұқтырған 5 адам тіркелді

24

Ағымдағы жылдың 9 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жағдайы тіркелді.

Барлық науқастарда ауру симптомсыз түрде өтуде. Атап айтсақ, коронавирус 58 жастағы Шу ауданының, 32 және 62 жастағы Меркі ауданының, 69 жастағы Тараз қаласының, 68 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғынынан анықталған. Олардың барлығы ауруханаға жатар алдында тексерістен өткен.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 қарашасындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4225 жағдайы тіркелген десек, ауруханалардан 4114 науқас емделіп шыққан.