Инфекциялық стационарлардың 61 пайызы толды

0 14

Жамбыл облысы аумағында ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша COVID-19 вирусын жұқтырудың 13 349 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 1172,4 құрады.

Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді. Өткен тәулікте өңірде КВИ-дың 181 жағдайы, пневмонияның 17 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылдың 4 тамызы сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда 2 133 науқас жатыр, төсек орындар 61 пайызға толған. Реанимациялық төсек орындарда 176 науқас ем алуда, мұндағы төсек орындар 52 пайызға толған. Карантиндік стационарларға 66 тұлға орналастырылған.

«Емдеу алдын алу ұйымдарында коронавирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры қалыптасқан. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың денсаулық жағдайы тұрақты бақылауда. Жалпы облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жоспарлануда, қазіргі таңда, 292 088 тұлға екпе алып, көрсеткіш 50,2 пайызды құрады. Жалпы облыс аумағында 23 МСАК ұйымдарында 43 егу пункті бар, олардың 15 қалада, 28 аудандарда орналасқан», — деді басқарма басшысы.

Осы жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 16 990 доза QazCovid-in – Отандық вакцина (8 495 адамға), 301 700 доза Спутник V вакцинасының 1 компоненті және 232 400 доза 2 компоненті, 60 000 доза (30 000 адамға) Хаят Вакс вакцинасы, 34 000 доза (17 000 адамға) КоронаВак вакцинасы жеткізілген.

Бүгінгі күнге өңірде қазақстандық вакцинаның — 2868, Спутник V 1 компонентінің — 62 150, 2 компонентінің — 68 831 дозасы қалды, КоронаВактың 2 турының – 1 917 дозасы қалды.  Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жүргізілуде және атқарылып жатқан іс-шаралар тиісті сала басшылары тарапынан тұрақты бақылауда.

Вакциналау – індеттің алдын алудың басты шарасы. Сол себепті оны қолданудың пайдасы ықтимал қауіптерден едәуір асып түседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде КВИ-мен күрестегі жалғыз сенімді шешім вакцина екенін айтты.

Қа­зіргі уақытта халықты вакциналау коронавирус инфекциясымен күрестегі маңызды кезең бо­лып саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.