ЖАМБЫЛДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ 64 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ ЕРЛЕР

0 4
Жамбыл облысында биылғы 1 қаңтар мен 19 қазан аралығында коронавирус індетін 15 629 адам жұқтырған. Мұның 12 670-і симптомдық ағымы бар науқас болса, қалғаны симптомсыз.
✅Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев баяндады.
🚑Оның айтуынша, аймақта 14 жасқа дейінгі 1 852 бала ауырған. Індет жұқтырғандардың ішінде 692-сі 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер, 2 206-сы 20-29 жастағы жастар. 30-39 жас аралығындағы 2 707 адам ауырған, 40-49 жастағылардан 2 003 азамат дертке шалдықса, 50-59 жас аралығындағы 2 102 тұрғын, 60-69 жас аралығындағы – 2 354 адам, 70 және одан жоғары 1 713 азамат коронавируспен ауырды.
🔻Спикер COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жұмысы туралы да әңгімелеп, Жамбыл облысына 1 ақпаннан бері 515 290 доза екпе жеткізілгенін айтты. Қазіргі таңда өңірде 501 740 адам бір рет вакцина қабылдаған, 408 148 адам екпенің 2-турын да алған. Бұл егілуге жататын 631 300 контингенттің 79,5 %-ын, ал облыс халқының 43,6 % құрайды. Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелмеген. Егу жұмыстары жалғасуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.