Жамбылда мемлекеттік сатып алуға жүргізілген мониторинг нәтижесінде 1 млрд теңге үнемделді

0 11
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мамандары мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына мониторинг жүргізуде. Нәтижесіде мемлекеттік органдардың сатып алу жоспары қайта қаралып, жыл басынан бері 1 млрд теңгеден аса бюджет қаражаты үнемделді.
✅Бұл туралы ӨКҚ брифингінде департамент басшысының орынбасары Бақытжан Ниязов айтты.
Оның мәліметінше, есептік кезенде 8 мемлекеттік орган мен оларға қарасты мекемелерге сыртқы талдау жүргізіліп, 104 ұсыныс енгізілген. Яғни, 24 млн теңгеге заңсыз төлем жасалғаны анықталып, оның 4,9 млн теңгесі бюджетке қайтарылыпты. Мысалы, санитариялық-эпидемиологиялық департаменті мен аумақтық бөлімшелері іс жүзінде демалыста болған қызметкерлерге эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысты деп үстемеақы төлеген. Талдау қорытындысымен, қызметкерлер 1 250 000 теңгені құрайтын негізсіз төлемді кері қайтарды.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында үгіт-насихат штабы жұмыс істейді екен. Штаб құрамы облыстағы зиялы қауым, жастар арасындағы көшбасшылар қатарынан құрылған. Ағымдағы жылы олар 250-ден аса іс-шара ұйымдастырған. Ал «Парасат жолы» жобасы аясында Жамбыл облысында мәдениет өкілдері мен БАҚ-тың қатысуымен жалпы саны 380-нен астам ағартушылық жиын өткен. Бүгінде өңірдегі 274 кітапханда «Парасат жолы» орталығы бар.
Leave A Reply

Your email address will not be published.