Жамбылда қант қызылшасын жинау науқаны басталды

30
Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда.
Биыл аймақта 5,4 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, тәтті түбір жинауды Меркі ауданының диқандары бірінші болып бастап отыр. Ауданда 1,9 мың гектар жерге балтамыр егілген.
Осыған байланысты Меркі қант зауытының ұжымы да өз жұмысына кірісіп, бағалы дақылдың алғашқы өнімдерін қабылдай бастады.