Жамбылда қазба жұмыстарына қатысқан волонтерлар марапатталды

0 70
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа мен облыстық “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Айжан Алебаева волонтерлармен кездесті.
Кездесу барысында “Аsyl mura” бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, Жуалы ауданы, Бақалы жеріндегі археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан волонтерлар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, басқарма өкілдері “Аsyl mura” бағыты бойынша Жуалы ауданында жүргізіліп жатқан архелогоиялық қазба жұмыстарына ерікті болуға мүмкіндік барын  ескертеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.