Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет қару-жарақ тапты

0 179

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет қару-жарақ тапты

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Тараз қаласынан кезекті рет қару-жарақ тапты. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері: Әділғазы Тулебаев пен Қуандық Қуанышұлы облыстық Полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, жедел іздестіру шаралары барысында шаһардың Асқаров көшесінің соңындағы өзеннің жанынан темір қорапша тапты. Оның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер, атап айтқанда: 1 бірлік 12 калибрлі Винчестер, 12 калибрлі 26 дана оқ-дәрі және 1 бірлік қара түсті бетперде, 1 бірлік бұрыш спрейі, 1 бірлік мылтыққа арналған май сондай-ақ 15 дана 20 калибрлі оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Бүгінгі таңда сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалуда. Айта кетейік, тараздық ҚАЖ қызметкерлері бұған дейін Шаңырақ мөлтек ауданының кіре берісіндегі жоғары вольтты желілер бойындағы бетон сынықтарының астынан қару-жарақ толы полиэтилен пакетін тапқан болатын.

Айгүл АБДЫБАЕВА,
ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.