Жамбылда ҚАЖ қызметкерлерінің ата-аналары марапатталды

0 66

Ел есінде «Қасіретті қаңтар» атымен қалған толқулар кезінде республикамыздың күштік құрылым қызметкерлері арам пиғылды бүлікшілермен күресте қайсарлық таныта білді. Бұл санатта арнайы режимдік мекемелердің де қызметкерлері де бар.

Түзету мекемелеріндегі тұрақтылық пен тәртіптің сақталуын мызғымай күзектен ҚАЖ қызметкерлері де дүрбелең күндері дамыл тапқан жоқ. Антқа адал олардың батылдығы келер ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. ЖД-158/5 мекемесінің қызметкерлері бір мезгілде еліміздің әр түкпірінде орын алған төтенше жағдай кезінде түзету мекемелеріндегі қалыпты жағдайды қамтамасыз етуде белсенділік танытып, міндеттерін мінсіз атқарды.

Жуырда қызметтік борышын қалтқысыз атқаратын жауапты ұл-қыз тәрбиелеп, өсіргені үшін олардың ата-анасына өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың Алғыс хаты табыс етілді. Марапатты тапсырған ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков ержүрек ұл-қыз тәрбиелеген ата-аналарға өз ризашылығын білдірді.

— ҚАЖ қызметкерінің мінсіз қызметі – Сіздердің берген тәрбиелеріңіздің нәтижесі. Ұл-қыздарыңыздың жетістігі — ең әуелі сіздердің еңбектеріңіз. Жалпы, мекемеде қызмет атқарып жатқан қызметкерлердің жұмыс барысындағы адал еңбектері мен жеткен жетістіктерін негізге ала отырып, мекеменің басшылық құрамамымен зерделеп әрбір қызметкердің жұмысына баға бере отырып, қызметкерлердің ата-аналарын естен шығармауды жөн көрдік, — деді Бақытжан Зикенұлы құттықтау сөзінде.

Айнура БАТЕЛОВА,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.