Жамбылда құқықтық көмек көрсететін арна ашылады

0 86
Жамбыл облыстық соты мен облыс әкімдігі бірлесе отырып, түрлі құқықтық мәселелер бойынша вебинарлар көрсетілетін әлеуметтік желілерден арна ашылады.
Мақсаты – құқықтық дауларды, соның ішінде отбасылық-неке қатынастары саласындағы мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмектесу.
Интернет-ресурс құқық қорғау жүйесіне сенім деңгейін арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға көмектеспек. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін әр түрлі тақырыптағы вебинарлар тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарлануда, оған кез-келген азамат қатыса алады. Вебинар бағдарламасы заңгерлік, әлеуметтік, психологиялық тақырыптарға негізделетін болады. Сонымен қатар, спикерлер онлайн-кеңес өткізуге ниетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін әзірлеу керек, бұл мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге мүмкіндік береді…» деп атап өтті.
Арнада мамандар медиация әдістерін де қолданылатын болады.
Арнайы дайындықтан өткен кәсіби медиаторлар азаматтарға кеңес береді, заңнаманың жаңа өзгерістерін түсіндіріп, дауды шешу мәселелеріне белсенді атсалысады.
Құзыретті заңгерлер, судьялар, медиаторлар, адвокаттар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер сотқа дейінгі және сот медиациясы рәсімі туралы, неке қиюдың шарттары мен тәртібі туралы кеңес беріп, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері, кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерді өндіру және басқа да өзекті мәселелер туралы сұрақтар қозғалады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.