Тоқсан сайын өңірдегі тілдік ахуалды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалуда. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы – 99,3 %-ды құрады. Алайда, өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі.

©©©
«Қордай ауданында жыл басынан бері 47 топта 592 тыңдаушы оқытылуда. Бүгінде 576 тыңдаушы курсты аяқтап, 16 адам тегін оқу курсын жалғастыруда. Қазақ тілін тілдесу арқылы меңгерту, қазақ тілінде ойын еркін жеткізе білуге жағдай жасау мақсатында TedX форматында жүргізілетін барлық ауданда «SÓILE» клубтары құрылды. Биыл «SOILE» клубының 93 отырысы өтіп, 1 227 өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйрететін ортаға тартылды. Тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік парақшаларына «QazONLINE» айдарымен қазақ тілін тез үйренуге бағытталған 40 сабақ, ағылшын тілін онлайн үйрену бойынша 70 сабақ жарияланды», — деді спикер.
