Жамбылда сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жалғасын табуда

0 19

Жамбылда сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жалғасын табуда

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту – түзелудің негізгі кепілі. Бұл бағытта өңірлік ҚАЖ департаменті тарапынан сотталғандарды жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша тындырымды тірліктер атқарылған. Жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде туындаған мәселенің түйіні тарқатылуда.

Бүгінде ЖД-158/5 мекемесіндегі сотты болған азаматтар ҚАЖ қызметкерлерінің ықпалының арқасында «екі қолға бір күрек» тапқан. Олар әртүрлі кәсіпорындарында еңбек етіп, мемлекет алдындағы берешегін өтеумен қатар өз жанұяларына да көмектесуге мүмкіндік алған.

Мәселен, «Ержан» жеке кәсіпкерлігі мен «Компания-Самұрық» жауапкерлішігі шектеулі серіктестігінде 50-ге жуық жазасын өтеуші жұмыс істеп жатыр. Мұндағылар құрылыс жұмыстарынан бөлек, көлік жөндеуді де шебер меңгерген. Осылайша, мекемедегі сотталған азаматтар қоғамға бейімделу жолына түсуде.

Нұрсұлу КЕНИШБАЕВА,
ЖД-158/5 мекемесі сотталғандардың еңбегін
ұйымдастыру тобының аға инспекторы
әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.