Жамбылда төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған

0

Жамбыл облысында төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған.

Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балалардың үйінен кетуінің 60 дерегі тіркелді, өткен жылдың осыған сәйкес кезеңінен (32 дерек) 87,5% — ға артық. Бұл күндері барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылды. Оларды іздеуге еріктілер мен жанашыр азаматтар да белсенді қатысқан.

«Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналардан қырағылық танытуды, балаларының бос уақытын және достық қарым-қатынастарын ұйымдастырып, қадағалауды сұрайды. Ересек адамдардың немқұрайлылығы кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ олардың қатысуымен орын алатын заңға қайшы әрекеттер жасауға себеп болуы мүмкін», — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.