Жамбылда ветеринарлар жалған құжат жасап, малға екпені қағаз жүзінде жүргізген

0 31

Мамандар соңғы екі жылда екпе жұмыстарын тек қағаз жүзінде жүргізген. Ал негізінде төрт түліктің басым көпшілігіне вакцина салынбаған.

Ветеринарлар өңірдегі мал санын арнайы базадан алып, сол арқылы қаншама доза вакцинаны жойып отырған. Кейбір шаруашылық иелері ол малды әлдеқашан сатып жіберген екен, ал базадан алуға үлгермеген. Мәселен, Мойынқұм ауданының ветеринар дәрігері 350 бас малға екпе саламын деп 2 мың доза вакцинаны есептен шығарған. Енді заң алдында жауап береді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кейбір мал дәрігерлерінің дипломсыз жұмыс істеп келгенін де анықтады.

Жетітөбе селолық округіндегі ветеринарлық пунктке жоғары білімі жоқ адамды басшы етіп тағайындаған. Сондай-ақ бұл салада ешқандай тәжірибесі жоқ маманды жетекші жұмыстарға бекіткені белгілі болды. Қазір бұл азаматтар атқарып отырған қызметтерінен босатылып, ветеринарлық станция басшысы әкімшілік жауапқа тартылды, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бас маманы Қайрат Ақмұрзаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.