Жамбылда заңсыз айналымнан 2 тоннадан астам есірткі заттары шығарылды

0 5

Жамбыл облысында биылғы сегіз айда есірткіге байланысты 481 қылмыс дерегі анықталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сегіз айда есірткіге байланысты 481 қылмыс дерегін анықтады. Оның ішінде: есірткі сату дерегі – 87, аса ірі мөлшерде есірткі сақтаудың – 52 дерегі, есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың бір дерегі, 308 – қылмыстық теріс қылықтар, есірткі заттары контрабандасының 13 және құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 20 дерегі анықталып, 545 түп жойылған.

«Заңсыз айналымнан 2 тонна 4 келі түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 1 тонна 924 келі марихуана, 79 келіден астам гашиш, 797 гр героин және 24 грамнан астам синтетикалық есірткі құралдары алынды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы аумағында 550 га жерді аудару, шабу, өртеу жолымен 40 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды», – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.