Жамбылда жол үстінде жұмыс жүргізгендерге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

24

Жамбыл облысының тұрғындарына жолдарда заңсыз жұмыс жүргізгені үшін 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Жамбылдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының жүріс бөлігіндегі заңсыз жол жұмысын анықтауды жалғастыруда. Бүгінгі күні 156 заңсыз қазу және асфальт жамылғысының бұзылуы анықталды. 630-баптың 1-бөлігі «Автокөлік жолдарына, теміржол өткелдеріне және басқа құрылыстарға немесе жол қозғалысын бақылаудың техникалық құралдарына зақым келтіру» бойынша 5 млн теңгеден астам сомаға 53 әкімшілік хаттама жасалған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жолдағы көлік құралдарының немесе жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін кез келген жұмысты жүргізу үшін рұқсат алу қажет. Жол қозғалысын ұйымдастыру және жол жұмысын жүргізу орындарын қоршау схемалары жол ұйымының басшысымен бекітіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органмен алдын ала келісілуі тиіс», — делінген аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

inform.kz