Жамбылда жыл басынан құрылыс нысандарының сапасына 43 тексеру жүргізілді

0 17
Жамбыл облысында құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына қатысты 640 хабарлама қабылданған. Жыл басынан бері құрылыс нысандарының сапасына 43 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде, 148 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 26 млн. теңгеден астам айыппұл салынған. Кемшіліктерді жою үшін 11 нұсқама беріліп, 108 тапсырыс беруші, 10 мердігер мекеме, 2 жобалаушы, 19 техникалық және 9 авторлық қадағалаушы жауапкершілікке тартылған.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев атты. Оның мәліметінше, биылдыққа 112 нысанға мониторинг жүргізілген. Заңсыз, негізгі құжаттарсыз және сапасыз құрылыстардың алдын алу, болдырмау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы барысында мемлекеттік мекемелерден 79 хат түсіп, тиісті шаралар қолданылуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.