Жамбылдағы қатты дауыл салдарынан 53 тұрғын жарақат алған

0 1
Жамбыл облысында кеше болған қатты желден 53 азамат медициналық көмекке жүгінген. Тараз қалалық көп бейінді ауруханасына 43 адам қайырылып, 4-і стационарға жатқызылған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жергілікті әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Оның мәліметінше, Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 4 бала түскен, 3-еуі стационарға жатқызылып, 1-еуі амбулаторлы түрде ем қабылдаған.
©©©
«Байзақ аудандық орталық ауруханасына 6 адам қайырылып, 1 адам стационарға жатқызылды, 5 адам амбулаторлы түрде ем қабылдады. Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан болған, бас, аяқ, қол және тағы басқа жарақаттарды алған», — деп түсіндірді Әсет Әскерұлы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.