Жамбылдағы жарылыстан күйіп қалған тағы бір әскери ауруханада көз жұмды

0 3

Жамбыл облысында болған жарылыстан жарақат алған капитан ауруханада қайтыс болды.

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаты салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрі сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.