Жамбылдық 29 оқушы халықаралық жарыстың жүлдегері атанды

0 9

2022 жылдың 6-8 маусым күндері Алматы облысы Сүлеймен Демирель атындағы университетінің базасында ҚР БҒМ-нің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры және Сүлеймен Демирель университетінің бірлесе ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «INFORMATRIX-2022» Халықаралық компьютер жарысы өтті.
Халықаралық жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан Республикаларынан 167 жобамен 345 оқушы қатысса, соның ішінде Жамбыл облысының 34 оқушысы 16 жобамен қатысты.
«Informatrix-2022» Халықаралық компьютер жарысы қорытындысы бойынша облысымыздың қоржыны 8 – алтын, 10 – күміс, 11 – қола медальдармен толықты.
Жеңімпаз жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.