Жамбылдық аграрийлер Кәсіподақтар федерациясынан арнаулы аграрлық банктің құрылуына септесуін сұрады

0 18
Жамбыл облысына сапары барысында ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы атындағы ауылында шаруа қожалықтарының еңбек ұжымдарымен кездесті.
✳️Кездесу «Жайық» шаруа қожалығында өтті. Шаруа қожалығының жұмыскерлері 700 гектар алқапқа дәнді дақылдар – бидай, арпа өсіреді. 21 жыл қызмет кеткен «Жайық» шаруа қожалығында алғаш рет бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Аграрлық бастауыш ұйымның мүшелері өз қызметтері және өзекті мәселелер туралы айтып берді.
✅Олардың сөзінше, соңғы жылдары дихандар егіс жұмыстары басталар кезде өзекті мәселеге жолығуда, ол сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасының сапасының төмен болуы. Қымбат комбайндарды сатып алуға ауыл тұрғындарының қаржысы жетіспейді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.