Жамбылдық бақташы дронмен мал бағуда

0 1
Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылы «Жанұя» шаруа қожалығының төрағасы Гаухарбек Шонтаев ата-баба жолын қуғанымен, бағытын өзгертіп, төрт түлігін дрон арқылы бағуда.
🔰Қожалық иесі бұрындары, мал жоғалса әбден әбігерге түссе, қазір оның шопаны да, бақташысы да осы құрылғы
– Алғашында жылқымды жоғалтып, табанымнан таусылдым. Көзге қарайған көрініп ылдыйлай жөнелсең, қойдың терісі немесе ағаш болып шығады. Әлгі атты іздеп жүргенде таныстарым дрон аппаратын ауылға әкеліп, іздестіруге көмек берді. 10-12 шақырымға дейін ұзақтыққа баратын дронды ауламда отырып-ақ басқарды. Бірнеше күннен кейін дрон жылқының үстінен дөп түсіп, суретке де түсіріп алды. Басқа үйірге қосылған екен. Дереу атқа қонып, жетектеп әкелдім. Кейіннен осы дрон арқылы қой бақса қалай болар екен деген ойға келіп, 580 мың теңгеге су жаңа апаратты сатып алып, қолдандым. Несін жасырайын, қойды таңертең қорадан шығарып жіберемін де, түс қайта дронды кеңістікке ұшырып, жырақта жүрген қой-ешкілерді үйдің маңына дейін тырқырата қуып келемін. Оның үстіне айналада қандай қойшылар мал жайып жүргенінен, арлы-берлі өткен төрт-түлікті бақылап, аңғарып бақташыларға хабарлап отырам, – дейді Г.Шонтаев.
‼️Заманның техналогиялық жарысына ілесіп келе жатқан жамбылдық бақташы әр нәрсенің ебін тапса, жұмыстың жеңілдейтінін және басқа да жұмыстармен айналысуға бос уақытттың пайда болатынын айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.