Жамбылдық кәсіпкер өз сауда белгісімен мақсары майын өсіруде

0 6
Жамбыл облысы Жуалы ауданында жеке кәсіпкер Гульчахра Исмаилова нарықтық экономикаға бейімделе отырып, мақсары майын мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндей, өзінің сауда маркасымен құтыға құйып шығаруда.
Мақсарыдан алынатын өнім – асқатық май. Бағасы да қымбат емес. Бұл дақыл бірқатар аудандарда өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары жақсы өнім береді.
Шет мемлекеттерде қымбат бағаланатын мақсары майы өзімізде көпке дейін қолданылмай келді. Бүгінде жеке кәсіпкер Гульчахра Исмаилова ширек ғасырдан бері аудан орталығында мақсары дәнінен экологиялық таза май шығарумен айналысып келеді. Бастапқыда үйінде шаруа қожалықтардан аз көлемде мақсары дәнін қабылдап, одан май өндіріп жүрді. Шағын ғана цехта өндірілген өнімін күнделікті орталық базардағы сауда нүктесіне апарып өткеретін.
Цех жұмысын жүргізуге жұбайы Рустам мен ұлы Сухраб көмектесуде. Гульчахра мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем түспейтініне сенімді.
Дақылдың дәні дәстүрлі медицинада да кеңінен қолданылады. Мақсары гүлінен қайнатылған шәй бүйректі тазартады, қанды сұйылтады, қысымды төмендетеді. Дәрігерлер оны ағзадағы ас қорыту кезіндегі бұзылысатарға және басқа да аурулар кезінде қолдануға кеңес береді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.