Жамбылдық кәсіпкер тәулігіне 216 мың жұмыртқа өндірмек

0 12
Жамбыл ауданындағы жұмыртқа өндіретін «АCA DAMU» ЖШС төртінші корпусының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. 8,3 гектар алқапқа салынған жаңа нысанның шатыры жабылып, құрал-жабдықтары испаниялық «Зуками» компаниясынан жеткізілген.
Серіктестік директоры Үсен Құрманбековтің айтуынша, құрылысқа 200 млн теңге жұмсалған.
«Ай соңына дейін ғимараттың жұмысын аяқтасақ, қосымша 82 мың құс әкелеміз. Осы уақытқа дейін мұнда тәулігіне 144 мың жұмыртқа жиналса, енді 216 мың жұмыртқа алынатын болады. Жобамен бір күнде тауықтың күтіп-баптауына 40 тонна жем-шөп кетеді. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылады», – деді ол.
Жалпы ЖШС «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 250 млн теңге несие алған. Пайдаланылатын судың сапасы нашарлауынан фабрика тарапынан су ұңғымасын орнатуға ұсыныс түсіп, тиімді әдістер басшылыққа жолданыпты
Leave A Reply

Your email address will not be published.