Дүниежүзілік гимназиадада таэквондодан Тараз қаласы А.Пушкин атындағы №41 орта мектебінің оқушысы Каражанова Азиза жеңімпаз атанды.
▪️ Биыл Дүниежүзілік ХІХ жазғы оқушылар Гимназиадасы Францияда (Нормандия) 14-22 мамыр аралығында өтуде. 20 спорт түрінен сайыстар 9 қалада өткізіліп жатыр.
▫️Халықаралық мектеп оқушыларының гимназиадасы – 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған ірі халықаралық мультиспорттық іс-шара. 2024 жылы Парижде Олимпия ойындары өтетінін ескерсек, оқушылар арасындағы бірегей халықаралық спорттық іс-шараның маңыздылығы зор.