Жамбылдық тұрғындардан тегін медициналық, сынама алынады

0 1
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі Ресей Федерациясының Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, 22-26 қараша күндері өңір тұрғындарында SARS-CoV-2 (COVID-19) коронавирусына антиденелердің болуына тегін тестілеу жүргізмек.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова мәлімдеді. Оның айтуынша, популяциялық иммунитеттің жағдайы туралы ақпарат елдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуын болжау, сондай-ақ қауіпті індеттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін қажет.
Leave A Reply

Your email address will not be published.