Жамбылдық тұрғындардың 80 пайызға жуығы екпе алды

0 6
Жамбыл облысында 18 жастан жоғары 582 000 тұрғынды коронавирус инфекциясына қарсы екпемен қамту жоспарланса, қазіргі таңда 460 652 азамат, яғни 80 пайызға жуығы вакцина қабылдады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында баяндады.
Ол өңірдегі 23 медициналық ұйымда 43 егу пункті бар екенін де жеткізді. Олардың 15-і қалада болса, 28-і аудандарда орналасқан.
«Биылғы 22 қыркүйекке дейін аймақта COVID-19 індетінің 19 533 жағдайы тіркелді, мұны 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 1715,5 құрады. Ал пневмониямен 7 299 адам ауырған. Өткен тәулікте КВИ-ды 53 азамат жұқтырса, пневмонияға 14 тұрғын шалдықты. Қазіргі жағдайға сәйкес, инфекциялық стационарларда – 630, реанимациялық төсек орындарда 81 науқас жатыр. Карантиндік стационарға 9 адам орналастырылған. Олардың денсаулық жағдайлары тұрақты бақылауда», — деді басқарма басшысы.
Әсет Әскерұлының мәліметінше, ағымдағы жылы 1 ақпанынан бастап облысқа 57 070 доза QazCovid-in – отандық вакцина, 341 700 доза Спутник V екпесінің бірінші компоненті және 316 070 доза екінші компоненті, 60 000 доза «Хаят Вакс» келген. Сонымен қатар 34 000 доза «КоронаВак», 124 000 доза Vero Сell Синофарм вакциналары жеткізіліпті. Бүгінде отандық екпенің 1 063, Спутник V-ның бірінші компонентінің – 335, екінші компонентінің 42 225 дозасы қалыпты, «Синофарм» екпесінен 17 096 доза бар.
Leave A Reply

Your email address will not be published.