Жамбылдық үздік мұғалімдер марапатталды

0 5

Халықаралық мұғалімдер күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты шара өтті. Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оларға балаларға білім мен тәрбие беру жолындағы тынымсыз еңбектері үшін алғыс айтты

Жамбыл облысында 40 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Айта кету керек, биыл білім беру саласын дамытуға 200,8 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1 есе көп. 2020-2021 оқу жылында 5125 мұғалім республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанса, облыс оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 241 медальға ие болды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 3 мұғалім «Үздік педагог» республикалық конкурсында, 7 мұғалім осы конкурстың облыстық деңгейдегі жеңімпаздары атанған.

Салтанатты шарада өңір басшысы үздік педагогтарды марапаттады. «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі Сандуғаш Нұртаева, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының география пәні мұғалімі Нұрлан Суанбеков, Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның химия пәні мұғалімі (Байзақ ауданы) Мөлдір Рахметқұлқызы 2 млн. 917 мың теңгенің сертификаттарына және облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Облыстық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары 875 мың теңгенің сертификаты және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Облыстың мектепке дейінгі, қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары мен әдіскерлеріне 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.