Жамбылдық жас математиктер республикалық жарыстан жүлделі орындар иеленді
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» математикалық турнирінің республикалық кезеңі өтті.
Аталған турнирде командалық сынақ бойынша Жамбыл атындағы №5 мектеп-гиназиясының «Импульс» командасы ІІІ орынды иеленді. Ал,жеке сынақ бойынша аталған мектептің 2 сынып оқушысы Мұхамбетжан Мұхаммед топ жарып І дәрежелі дипломмен марапатталса, Мұхтар Сұлтан ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, турнирге қатысып, терең білімімен ерекшеленгені үшін №40 гимназияның 2-4 сынып оқушылары Хамиди Жанасыл, Хромова Полина, Уланбеков Амир және №5 мектеп-гиназиясының 3 сынып оқушысы Әсет Диас грамоталармен марапатталды.